Про коронавирус

Актау

1 мкр. Больничный городок, здание 6

Кардиологические операции в Sofiemed

Кардиологические операции в Sofiemed 20.11.2020

КЕЛЕР ЖЫЛЫ «SOFIЕ MED GROUP» КӨПСАЛАЛЫ ЕМХАНАСЫНДА КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛА БАСТАЙДЫ

 

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте емхана директоры Нұрлан Мұқанов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, қазір осы бағытта емхана ғимаратын қайта жарақтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Желтоқсан айының соңына дейін Нидерланды, Ресей Федерациясы мен Нұр-Сұлтан қаласынан жоғары білікті дәрігерлер шақыртумен келеді деп күтілуде.
«Көпсалалы емханамыздың кардиохирургиялық бағытта халыққа көрсететін қызмет түрлері мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізіледі. Жалпы, біздің емхананың қызметі негізінен хирургиялық бағытта жасалатын күрделі операциялар жасауға негізделген. Атап айтсақ, дәрігерлеріміз жылына 120-дан астам жамбас және тізе-буынын ауыстыру оталарын және 70-ке жуық омыртқа операцияларын өткізеді. Сондай-ақ лапароскопиялық операциялар да жасалады» - деді ол.
Естеріңізге салсақ, «SOFIЕ MED GROUP» компаниясы Ақтауда 3-ші шағын ауданда тұрған бұрынғы көші-қон басқармасы ғимаратын мемлекеттік - жеке меншік серіктестік аясында күрделі жөндеуден өткізіп, көпсалалы емхана ашқан еді.
Қазіргі уақытта мұнда 1-3 шағын аудандардың, сондай-ақ Приморский тұрғын-үй алабының тұрғындарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында дәрігерлік көмек түрлері тегін көрсетіледі. Жалпы, осы аталған медициналық ұйымға 26 мыңнан астам адам тіркелген.
Жеке меншік емхана ұжымында қазір сұраныс жоғары мамандар, мәселен хирург, кардиолог, невропатолог, окулист, офтальмолог, фтизиатр сынды дәрігерлер қызмет атқарады.
«SOFIЕ MED GROUP» көпсалалы емханада мемлекеттік тапсырыс аясында тұрғындарға тегін медициналық көмекті екі бағыт бойынша көрсетіледі. Алғашқысы амбулаториялық, яғни емханалық, ал екіншісі стационарлық, дәлірек айтсақ кеңес беру-диагностикалық көмек болып бөлінеді. Стационарлық көмекке тоқтлсам, жалпы емхана қызметінің 40 пайызы тегін медициналық көмек түрінде жүреді. Бұл, еліміздің денсаулық сақтау саласында бекітілген стандарттарға сәйкес жасалады» - дейді Н.Мұқанов.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында 46 медициналық мекеме міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енген. Олардың 24-і жеке меншекте.

Наш адрес: Актау, 1 микрорайон, здание 6, Мангистауская область, Республика Казахстан, 130000
Наша почта: info@sofiemed.com
Наш сайт: www.sofiemed.cominfo@sofiemg.kz
Записаться к нашему специалисту Вы можете по: 8 (7292) 203333 или 8 778 7203333



Записаться на приём / Воспользоваться предложением